КММ «Буденное жалпы білім беретін мектебінде» жазғы кезеңдегі судағы қауіпсіз мінез-құлық ережелеріне арналған сынып сағаттары өтті.
Іс-шара барысында оқушылар су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне арналған тақырыптық бейнероликтерді тамашалады. Бейнематериалдар арқылы балалар суда демалу кезінде өзін дұрыс ұстау, жабдықталмаған жерлерде шомылмау және ересектердің қарауынсыз су жағасында болмау керектігі туралы білді.
Сонымен қатар қауіпті жағдайлардағы іс-әрекеттер мен алғашқы көмек көрсету ережелеріне ерекше назар аударылды. Бейнероликтерді көргеннен кейін оқушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарға жауап беріп, жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығы туралы қорытынды жасады.
Осындай іс-шаралар балалардың өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, судағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға көмектеседі.





