«Буденное жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

2 сентября Торжественная линей к ко Дню Знаний "Мектебім – мейірім мектебім"

Бүгін, 2 қыркүйек күні "Буденное ЖОББМ"КММ – ауласы қайтадан балалардың шат күлкісіне толып, жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылатын ерекше күн! 1 қыркүйек – барша оқушылар мен ұстаздар үшін үміт пен армандарға толы мерекелі сәт.
– бұл жай ғана ұран емес. Бұл – әр шәкірттің жүрегінде орын алған, білімнің ғана емес, адамгершілік пен жан жылуының да мекені болған алтын ұя мектебімізге деген шынайы сүйіспеншіліктің белгісі.
Мектеп – тек білім беретін орын ғана емес, бұл – тұлға қалыптасатын, достықтың, сыйластықтың, мейірімділіктің бастауы болатын қасиетті шаңырақ.
Бүгінгі мерекелік жиында біз:
Жаңа оқу жылына деген тілектерімізбен бөлісіп,
1-сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндерімізді қуанышпен қарсы алып,
Үлкен өмір жолына тағы бір сенімді қадам жасаймыз.
Барша ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды Білім күнімен құттықтай отырып, жаңа оқу жылында шығармашылық табыс, зор денсаулық, шабыт пен жаңашылдық тілейміз!